Атырауда бір тәулікте 603 тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алды

(0 Votes)

Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

19 мамырдағы мәлімет бойынша, "Спутник V", "QAZVAC" және "Hayat-Vax" вакциналарының I компонентін 603 жергілікті тұрғын алды. Оның ішінде 53 медицина қызметкері, 27 педагог, 10 полиция қызметкері, 14 студент, 1 жабық мекеменің қызметкері, 21 құқық қорғау органдарының қызметкері, 7 мемлекеттік қызметкер, 2 созылмалы аурумен ауыратын адам, 468 жергілікті тұрғын бар.


1 ақпан мен 20 мамыр аралығында "Спутник V", "QAZVAC" және "Hayat-Vax" вакциналарының I компонентімен 46 959 адам вакцинацияланды. Вакциналардың II компонентімен 16 856 адам егілді. Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлығы 31 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті жұмыс істейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT