Тұмау түрленіп тұр

(0 Votes)

Тұмау – жоғары тыныс алу жолдары зақымдалу және уыттану белгілерімен сипатталатын жұқпалы инфекциялық ауру.

Ауру адамнан сау адамға жөтелген, түшкірген кезде ауа тамшысы арқылы беріледі.

Тұмау белгілері тамақ ауруы, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы ,бұлшық еттің ауруы арқылы танылады.

Тұмау ауруы 5-10 күнге дейін созылып, қайта өрбіп асқынып кетуі мүмкін. Асқынған ауру бактериалды инфекциялармен қозып (отит,гайморит) ауруларына айналады.
Әдетте ауыр асқынуы жас балаларда кездеседі.

Баланы вирустан қалай сақтауға болады?

Жылына бір рет, күз айларында, барлық жанұя мүшелерінің тұмауға қарсы вакцина алуына кеңес беріледі. Сонымен қатар осы жылдың қазан айынан бастап ақылы түрде тұрғындарға вакцинация жасалады.

Тұмауға қарсы витаминдік профилактика балалар мен ересек адамдардың респираторлық вирустарды жұқтыруына тосқауыл болады. Респираторлық вирустарға қарсы тұруға жеке бас тазалығын сақтау және белсенді салауатты өмір салты көмектеседі.

Баланы үй жағдайында өзіңіз емдемеңіз – бұл оның денсаулығы мен өміріне қауіпті. Дәрігер шақыртыңыз – себебі тек білікті маман ғана дұрыс диагноз қойып, ем-шара тағайындай алады.

ЖРВИ эпидемиясы барысында алдын алу және сақтық шараларын сақтау өте маңызды, яғни салауатты өмір салтын ұстану керексіз, жиі қолыңызды сабынмен жуып, бетіңізге маска тағып жүріңіз, бөлмені жиі желдетіңіз.

Егу жұмыстары – тұмаудан қорғайтын жалғыз сенімді қорғаныс жолы. Тұмауға қарсы арнайы дәрілер аз: антибиотиктер вирусты жоюға қауқарсыз, ал кейбір дәрілерді қолдану тиімсіз. Тұмауды асқындырып алудан жылына 500 мыңға жуық адам қаза табады.

Екпе әрқашан көмектесе ме? Екпенің тиімділігі орташа есеппен 70-80%-ға тең. Егер бұрындары екпеге байланысты қиындықтар туындаған болса, бас тартыңыз. Температураңыз 37,5 °С дейін көтеріліп, қызару, аздап ісу бұл – қалыпты реакция. Яғни, сіздің иммундық жүйеңіздің түзіліп жатқандығын білдіреді. Жағымсыз, әрине, бірақ бір-екі күнде қайта қалпыңызға келесіз.

Екпені қараша айының ортасына дейін ектірген дұрыс.

Г.Жумагалиева,

аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін

бақылау басқармасының жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521