Өңірде Covid-19 індетінен жазылып шыққандар саны 236 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб.
Атырау облысында коронавирус инфекциясынан тағы үш адам айығып шыққан. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, үшеуі де – Теңіз кенішінің жұмысшылары. Атап айтқанда, 27, 33, және 38 жастағы ер адамдар.
- Қазіргі уақытта олардың барлығы өздерін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс көрсеткіш көрсетті, - дейді штабтағылар.
Осылайша, Атырау облысында қауіпті індеттен жазылып шыққандардың саны 236 адамға жетті.
Cурет: ашық дереккөз