COVID-19 індетіне шалдыққандардың 20-сы Теңіз кенішінің жұмысшылары

(0 Votes)

Өткен тәулік ішінде өңірде Covid-19 індетінің 21 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Жедел штаб.

Қауіпті індетке шалдыққандардың 20-сы - Теңіз кенішінің жұмысшылары. Инфекция 16 ер адам мен 4 әйелден скринингтік тексеріс кезінде анықталған.

- Ал, тағы бір науқас - 1972 жылғы Құрманғазы ауданының тұрғыны. Ер адам бұрын коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған, - дейді Жедел штаб.

Науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылып, тиісті хаттамаларға сәйкес ем қабылдауда. Ауру ошақтары мен байланысушы тұлғалар анықталу үстінде.

Бүгінде Атырау облысында КВИ жұқтырғандар саны 944 адамға жетіп отыр. Ал, қауіпті індеттен айыққандар саны - 236.

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT