Өткен тәулікте қауіпті індеттің тағы 32 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Жедел штаб.
Теңіз кенішінің 28 жұмысшысы Covid-19 тексерілгенде, нәтижесі оң болған.
Сонымен қатар Құрманғазы ауданынан 1962, 1977 ж.т. және Құлсары қаласының 1968 ж.т. әйел адамдарында, Мақат ауданынан 1995 жылғы бойжеткенде қауіпті індет анықталып отыр.
Өңір бойынша короновирусты жұқтырғандар 923 адамға жетті. Емделіп шыққандар – 233.
Сурет: ашық дереккөз