«Бүгін аймақ басшысы Mahambet Dosmūhambetov қаламыздағы «Геолог емханасына» барды. Онда Қарағанды фармацевтика зауытында шығарылған коронавирусқа қарсы "Спутник-V" вакцинасының екінші компонентін салдырды,-деп фейзбук әлеуметтік желісінде жазды облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Төлек.
Вакцина алғаннан кейін облыс әкімі жарты сағат арнайы бөлмеде мамандар бақылауында болып, кейін бірден жұмысына оралған.
«Жағдайы жақсы, екпенің ешқандай жанама әсерлері байқалмады»,-делінген жазбада.