22 адам коронавирус індетін жұқтырған

(0 Votes)

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «жасыл» аймақта, деп хабарлайды ATPress.kz

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 11 адам тіркелген. Бұл көрсеткіш Теңіз кенішінде 10 адамға жетсе, Индер ауданынан 1 адамнан инфекция анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 5 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 106 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 217  адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 73 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 24 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 352 адам ем қабылдауда.

Сурет: ашық дереккөз

 

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Мақат тынысы

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Референдум

r

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика