Атырауда 25 адамнан коронавирус індеті анықталды

(0 Votes)

Атырау облысында өткен тәулікте 25 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 5-еуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 19 жұмысшыдан,  Құрманғазы  ауданында 1  адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 7-інде  ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 59  адам  емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 108  адам үй жағдайында емделуде. 

Облыстық инфекциялық стационарда  75  науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 26, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 284 адам оқшауланып, инфекциялық стационарда ем қабылдауда.

Айта кетейік,  қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты  бүгін, жетінші күні – Атырау облысы «жасыл» аймақта тұр.

atr.kz

Сурет: ашық дереккөз

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521