Табиғат жанашырлары бәсекеден байрақты оралды

(0 Votes)

Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің оқушылары «Табиғатты аялайық» тақырыбындағы облыстық форумнан жүлделі оралды.

Оқушылар мен мұғалімдерден құралған команда қоршаған ортаны аялау мақсатындағы жобаларын қорғап, ойларымен бөлісті.

«Туған өлкені зерттейміз», «Денсаулық және қоршаған орта», «Экоәлем», «Жасыл оазистер», «Табиғаттың құтқарушы шеңбері», «Қысқы бақ пен танысу», «Жасыл экономика» тақырыптарында ой толғап, тапсырмаларды орындауға тырысты.

Қортындысында Бақдәулет Жұмажанұлы, Айсұлтан Халелов, Әлижан Есенжанов, Әйгерім Ертілеуова. Мархабат Жұмағалиева, Динара Сарбасова Мадияр Қыздарбай ерекше аталымдар бойынша үздіктер сапынан табылды. Ал ылғы мықтылардан құралған топ І орынды иеленіп қайтты.

«Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы бойынша Нұрсәт Құлымжанов, Нұрдәулет Махамбет І орын алды. Енді олар 11-12 маусым аралығында Қарағанды қаласында өтетін республикалық байқауда бақ сынайтын болады.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521