«Сыңғырла, соңғы қоңырау»

(0 Votes)

25 мамыр – түлектердің ақ бантик тағып, оқушылардың мектеппен, тоғыз ай арқалаған сөмкелерімен үш айға қоштасар күні.

Осындай мереке күні Мақат кенті әкімі Б.Сәрсен Х.Санбаев атындағы орта мектепте «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынға қатысып, оқу жылының аяқталуымен құттықтап, түлектерге ҰБТ-дан сүрінбей өтуді тіледі.

Салтанатты жиынға мектеп бітіргендеріне 10, 20 жылдық түлектер келіп, ізгі тілектерін білдірді. Шарада мектеп директоры Н.Мендалиева сапалы заман талабына сай білім алу үшін барлық жағдай жасалып, саланы дамытуға бағыттал¬ған бағдарламалардың да жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Биылғы оқу жылын 1093 оқушы, 63 класс компонентімен аяқтап отыр. Жалпы мектеп бойынша білім сапасы 53,9 % құрады. 32 түлек алтын ұясымен қоштасты. Олардың 20-ы ҰБТ-ге қатысады. 2 түлек «Алтын белгіге» үміткер.

Сондай-ақ, мектеп директоры, оқу озаттарын мақатау қағазымен, жетікстікке жеткен оқушыларды да қалдырмай алғыс хатпен марапаттады.

Шара барысында мектеп бітіруші түлектер атынан жастар аллеясын ашылу салтанаты өтіп, лента қию рәсімін Мақат кенті әкімі Б.Сәрсен мен оқу ісінің үздігі, ұстаз Г.Марданова қиды.

А.ТАУМҰРЫНОВА. Суреттер автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521