ҰБТ: Тестілеуді тапсыру жалғасуда

(0 Votes)

Өңірде мектеп бітірген 5 831 оқушының 4 274-і тестілеуге өтініш берген, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен тікелей эфирде Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова мәлімдеді.

-         Биылғы оқу жылы мектеп бітірген 5831 оқушының 272-сі «Алтын белгіге»,  212-сі «Үздік аттестатқа»  ие болды. 2020 - 2021 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеу жаңа форматта өткізілді.  Ұлттық бірыңғай тестілеу әрбір мектеп бітіруші түлекке 2 мәрте бақ сынап көруге  мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі таңда тестілеу тапсыру жалғасуда.  Тестілеуге өтініш берген оқушы саны - 4274. Орта бал - 76,5. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда жоғары көрсеткіш (4518 оқушы тестілеуге қатысқан, орта бал - 57,6). Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық басқарма тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда, - деді Айнагүл Дүйсекенова.

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT