Аудан оқушылары ҰБТ-ден жоғары ұпай жинады

(0 Votes)

Ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары оқу орнында тегін білім алуға жасалған алғашқы қадам, әрі түлек бағындырар белестің бірі.

Биылғы оқу жылында тестілеу алғаш рет электронды форматта өтті. Аудан түлектері де бұл жаңашылдық бойынша білім мен көрсеткіштерін санамалап, грант негізінде оқуға тапсыру үшін өткізілетін оқу жылының соңғы тестілеуін тапсырып, сәтті аяқтады. Нәтиже де жаман емес. Жоғары балл жинап, ұстаз мерейін асқақтатып жатқандар да бар.

Жалпы, 2020-2021 оқу жылында аудан бойынша 259 оқушы мектеп бітіріп, аттестат алған болса, оның 212-сі яғни 81.8%-ы ҰБТ-ға қатысып, өз білімдерін сынады.

Аудан оқушылары Атырау қаласындағы тестілеу орталығында «бір тестілеуші – бір компьютер- бір камера» принципі бойынша тест тапсырды. Сөйтіп, биылғы түлектер білім сапасы жағынан 54,8 орташа балдық көрсеткішке қол жеткізді. Жалпы балл 11 633 құрады. Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің түлегі, «Алтын белгі» иегері Айсұлтан Халелов ең жоғары – 126 ұпай жинады. Жалпы, жүзден жоғары ұпай жинаған оқушы саны – 13.

Атап өтсек, олар Х.Санбаев атындағы орта мектебінің түлегі Арайлым Бисембаева- 101 балл, Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің түлектері Әлижан Есенжанов -101 балл, Сабина Айтқалиева -110 балл, Ануарбек Максимұлы -113 балл, Ақерке Мағзомова - 103 балл, А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің түлегі Сұлтан Әнуаров -109 балл, С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының түлектері Дильяра Төлебаева -116 балл, Жайна Аманжанқызы -105 балл, Дильназ Комунарова -100 балл, Айкөркем Жәнібекқызы -123 балл, О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің түлегі Әсел Аманжан -104 балл, М.Баймұханов атындағы орта мектебінің түлегі Досқалиева Бибінұр-100 балл, Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің түлегі Таңшолпан Ерғазиева 110 балл жинады.

Кез келген талапкер үшін уақыт пен еңбекқорлық, ізденіс қажет. Ауданымыздың әрбір оқушысы да ізденімпаздықты, уақытпен санаспауды, шаршамай оқуды серік ете біліп, жоғарғы нәтиже көрсете білді.

Айта кетейік, жалпы қорытынды аттестаттау нәтижесімен 21 түлек өз «Алтын белгі» төсбелгісін қорғап шықса, 18 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанған болатын. Оқушылардың жұмысы облыстық білім беру басқармасы жанынан құрылған арнайы комиссиямен тексеріліп, талапқа сай өз білімдерін қорғай алды.

Алтын ұясынан өз білімдерін дәлелдеп,  қанаттанған әрбір түлектің өмір жолы жарқын бастамаларға толы болып, ел абыройын асқақтата берсін дейміз.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Сурет: ашық дереккөз

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT