Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мәлімдеді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Оның айтуынша, оқушылар мектеп қабырғасына оралып сапалы білім алуы үшін олардың және ұстаздардың да қауіпсіздігі үшін вакцина алу керек. Қазіргі уақытта ұстаздардың 78 % вакцина алған.
Биыл өңірде 140 мыңға жуық оқушы білім алады деп жоспарлануда. Олардың денсаулығын қорғау мақсатында ұстаздар вакцина алуы керек. Өздеріңізге мәлім, вакцина 18 жастан жоғары салынады. Ал, оқушылардың денсаулығы біз үшін маңызды. Мектептің кілті – ұстаздардың қолында дегім келеді, – деді Бақытгүл Хаменова.
Сурет: ашық дереккөз