«Әр сабағы өзгеше бір әлем»

(0 Votes)

М.Баймұханов атындағы орта мектебінде бүгін ерекше кеш өтті.

«Қазақстан білім беру ісінің үздігі», тәжірибелі ұстаз Амангүл Құмарқызы еңбек еткен жылдарынан ойға түйгендері мен шәкірттерінің жетістіктерін, өзі туралы жазған пікірлерін бір жерге тоғыстырып, «Жүрегімнің жылуын арнадым» кітабын шығарды.

«Әр сабағы өзгеше бір әлем болатын. Ол алғаш рет балалардың екінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқуына ұсыныс білдіріп, ерте жастан шет тілін оқытудың мәнін өзгелерге ұғындырған жан», -деді білім саласының үздігі Дәмен Алтаева. Осы тақырыппен өткен аудандық семинар барысында әуелі ұстаздың еңбектегі ұстаздары мен тұстастастары, әріптестері, әр жылдардағы мектеп түлектерінің лебіздеріне кезек берілсе, келесі бөлімде кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Семинар ұстаздың шәкірттері, мектептің биылғы жылғы түлектерінің «Ар бесігім-мектебім» тақырыбындағы өнеге сағатымен аяқталды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521