«Тұлпар» тағы алда

(0 Votes)

Отан қорғаушылар күніне орай аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінде мектеп оқушылары арасында «Жас сарбаз-2019» аудандық байқауы өтті.

Оқушыларды әскери өмірге дайындап, патриоттық тәрбие беруді мақсат еткен байқауға жеті мектептің әскери клубына мүше оқушылар қатысып, жеті кезең бойынша бақ сынады.

Байқау барысында қатысушылар саптық дайындық, оқжатарды оқпен толтыру, жеке әскери қорғаныс жиынтығын кию, пневматикалық мылтықпен нысананы жатып ату, әр топ клубы жөнінде презентация қорғау, алғашқы медициналық көмек көрсету, кермеге тартылу кезеңдері бойынша бір-бірінен оза шабуға тырысты. Сайыста оқушылардың төзімділігі, ширақтығы сыналды. Әрбір қатысушыны сайысқа әскери іске, өз Отанына қызмет етуге қызығушылығы алып келгені көрініп тұрды.

Сайыс барысында қатысушы оқушылар әскери ант қабылдады. Отанға адал болып, Қазақстан Республикасын қорғауға сенімдерін танытты. Балғын шақтан ел қоруға уәде берген олар әскери анттың маңыздылығын түсінсе керек. Сайыс қортындысы бойынша О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің «Тұлпар» әскери-патриоттық клубы бас жүлдені жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды. А.Құнанбаев атындығы орта мектебінің оқушылары І орын, Л.Шахатов атындағы орта мектебі ІІ орын, Х.Санбаев орта мектебі ІІІ орынға ие болды. Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталып, естілік сыйлықтар тарту етілді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521