«Ы.Алтынсарин-2019» байқауының үздігі

(0 Votes)

А.Құнанбаев атындағы орта мектебі төртінші тоқсанды жағымды жаңалықтармен бастады. Мектептің жоғары санатты ұстазы Жақсылық Алтыбаев ҚР білім және ғылым Министрлігінің және Қазақстан педагогтар қауымдастығының шешімімен ұрпақ тәрбиесі мен еліміздің білім беру ісіне қосқан елеулі үлесі үшін  «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Ы.Алтынсарин – 2019» байқауына ұсынған Жақсылық Алтыбаевтың жұмыстары үздік шығып, марапатқа ие болып, төсбелгі тағынды. Жалпы, байқауға 1860 ұсыныс түскен болса, оның 315-і ғана үздік деп танылған.

Педагогикалық еңбек жолын 1968 жылы бастаған Жақсылық Оңдашұлының 50 жыл бойы жас ұрпаққа математика, сызу, технология пәндерінен сапалы білім, саналы тәрбие беріп, оқушыларды ғылыми-техникалық шығармашылықпен жұмыс жасауда аянбай еңбек етіп келеді. Үнемі шығармашылық ізденісте жүретін оның еңбегі бұдан да бұрын еленіп, Жақсылық Оңдашұлы Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі марапатына бөленген болатын.

Марапаттау рәсімінде мектеп директоры Руслан Сарбалин салтанатты түрде Жақсылық Алтыбаевты шын жүректен құттықтай отырып, ұрпақ тәрбиесіндегі жұмыстарының жемісті болуына тілектес білдірді. Сондай-ақ, мектеп ұжымы ақ тілектерін жеткізіп, естеліктерімен бөлісті.

М.ІЗТҰРҒАНОВА,

Суреттер автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521