Еліміздің кейбір аймақтарында оқулық санының жетіспеушілігінен хабардармыз. Ал, аудандық білім беру бөлімі мамандарының айтуынша, бізді мұндай қиындық жоқ екен.
Биылғы оқу жылында аудан бойынша оқушыларды кітаппен қамтамасыз ету мақсатында оқулықтарды жаңарту және жетпейтін оқулықтар, сонымен қатар көркем әдебиетті алу үшін облыстық бюджеттен 92590000 теңге бөлінгенін білдік.
2022-2023 оқу жылында 2 сынып оқулықтары толықтай ауыстырылмақ. Сонымен қатар, бала санының өсуіне байланысты жетіспейтін оқулықтар және көркем әдебиеттерге сұраныс берілген айтты олар.
Бүгінде аудан мектептеріндегі жалпы кітап қоры – 414967 дананы құрап отыр. Оның ішінде көркем әдебиет – 51027 дана болса, мектеп оқулықтары – 305600 дана.
Айта кетейік, аудандық білім бөліміне қарасты мектептерде барлық бала түгелдей оқулықпен қамтамасыз етіледі.
Ә.ҚАСЫМ
Фото ашық дерекөздерден алынды