Мақатта өңірлік тамыз кеңесінің панельдік сессиясы өтті

(1 Vote)

Бәйгетөбе мектеп-бөбекжайында облыстық білім беру басқармасы әдістемелік орталығының «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбындағы өңірлік тамыз кеңесінің панельдік сессиясы болып өтті.

Аптаның сейсенбісінде өткен жиында облыстық әдістемелік орталық мамандары биылғы оқу жылындағы білім бағдарламалары мен әдістемелік нұсқау хаттағы ерекшеліктер мен өзгерістерді әр пәнге бөліп, талқыға салды.
Сондай-ақ, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айбол Долдашев жаңа оқу жылында атқарар жаңа жұмыстар тұрғанын айтып, ұстаздарға жылы лебізін білдірді.

-Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі тамыз кеңесі ұстаздар үшін маңызды жиын. Өйткені, мұнда білімнің заман талабына сай ұстаздар қауымы пікір алмасып, ой бөліседі. Жаңа оқу жылында алдымызда жаңа мақсаттар мен көптеген міндеттер тұр. Баршаңызды сапалы білім беру жолында бір кісідей жұмыс жасауға шақырамын. Жаңа серпін әкелетін, жақсы жаңалықтарыңыз көп болсын!»- деді А.Долдашев.

Бұдан соң әдістемелік орталық басшысының орынбасары Өнербек Асылбекұлы мен орталықтың «Жалпы білім беруді дамыту» бөлімінің бөлім басшысы Нұргүл Орынбасарқызы құттықтау сөз сөйлеп, панельдік сессияға белсенділікпен атсалысқан аудан ұстаздарын алғыс хаттармен марапаттады.
Әрі қарай, Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің оқушысы, аудан мақтаныш Айсара Болатбай «Отан» әнін орындап, катысушы көрермендердің ықыласына бөленді.
Шара соңы жоспарланған кеңестің панельдік отырыстары пән кабинеттерінде өз жалғасын тапты.
Ә.ҚАСЫМ

4616c6d6-11c0-4389-8c50-fcbba6387ec5

1fd2c72d-c88a-4f80-888c-b0077c570a4b

a44c6ad3-364b-43e3-b750-8ee47c838fa8

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521