Әлеуметтік желідегінің бәрі ақылды сөз емес

(0 Votes)

Мақат кентіндегі мектептерде «Ақпараттық талдау орталығының» аудандағы өкілі Ғалия Ерешова, «Шапағат деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Шүкіриддин Темірқұлұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Ләззат Бексұлтанова жоғары сынып оқушыларымен, мұғалімдермен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – оқушыларға қазіргі кезде діни ахуалдың қалыптасуы және дін мен салт-дәстүрдің арақатынасы, жат діни ағымдардың қоғамға ықпалы туралы түсіндіру.

Теолог маман жат ағым өкілдерінің негізгі ниет, мақсаттарын әшкерелеп, дәстүрлі діндерден өзгешелігін айтып түсіндірді. Қазақстан аумағында ұстанатын Әбу-Ханифа мәзһабы, Ислам діні мен қазақы әдет-ғұрып, жастар тәрбиесі, ата-анаға құрмет турасындағы әңгімелер жиынның өзекті тақырыбына айналып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Оқушыларға елімізде әлеуметтік желілерде тыйым салынған мәліметтерді таратудан сақ болу қажеттігін ескертті.

Қатысушылар теолог маманға сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын ала алды.

А.ТАУМҰРЫНОВА,

Суреттер автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521