«Аңыздың ақыры» романы талқыланды

(1 Vote)

Доссордағы №3 кітапханасында Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясының шеңберіңде 2019 жылға таңдалған екі кітаптың бірінің авторы заманымыздың заңғар тұлғасы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы бойынша оқырмандар конференциясы өтті.

Шара ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, сондай-ақ, қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай дамуына мүмкіндік туғызуды мақсат етті. Рухани кешке кітапхананың тұрақты оқырмандары А.Құнанбаев, С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының оқушылары мен ұстаздары және кітапханашылары қатысты.

Шарада кітапханашы А.Жылқышиева «Бір ел – бір кітап» акциясының шығу тарихына тоқталып, оқырмандарға мағлұмат берді. Оқырмандар Ә.Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстырып, роман кейіпкерлері Ұлы Әмірші, Шебер, Кіші Ханымның бейнесіне тоқталды. Сонымен қатар, «Мұнара» бөліміндегі жас шебер жігіттің жүрек сыры, санасы мен сезіміндегі алуан иірімдері, құпия махаббаты, ішкі монологі туралы, «Махаббат» бөліміндегі Кіші ханымның жан тебіренісі, трагедиялық тағдыры туралы әңгімеледі. Оқушылар Ә.Кекілбаевтың «Минут», «О,табиғат өкпелімін өзіңе», «Абайла, бауырым, абайла!», «Алматыда» атты өлеңдерін оқыды.

Конференция соңында аталмыш роман жан-жақты талқыланып, саралану арқылы оқырмандар өзіндік ой түйіп қорытындыланды. Шараға белсене қатысқан оқырмандарға, оқушыларға кітапхана атынан «Алғыс хат» табысталды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА,

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521