Қайырымды болуды мектептен үйренеді

(0 Votes)

М.Баймұханов атындағы орта мектебі республикалық «Қамқорлық» акциясына белсенді атсалысты.

8-10 сынып оқушылары «Қамқорлық» жәрмеңкесін ұйымдастырып, жәрмеңкеден түскен қомақты соманы қамқорлық көрсетуге үлес ретінде мектепке берді.

Мектебімізден дәріс алып жүрген аз қамтылған оқушыларға «Мейірімді жүрек, жомарт қол» ұранымен химия, биология, география пәні бірлестіктері ұйымдастыруымен концерттік бағдарламаларын ұсынды. Қамқорлықты сезінген бала да, ата-ана риза болысты.

5г, 8а,ә,б, 10 а, 11а сынып оқушылары, сынып жетекшілері М,Елубай, С.Сейталиева, Л,Шаудирова, А.Сағындықовамен бірге жалғызбасты қарттар, көп балалы жанұялардың үйлеріне барып, азық-түлік алып, үйлерін жинап беруге жәрдемдесті. Бұл оқушылардың акцияға қосқан үлесі орасан зор және осындай адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген жас ұрпақ тәрбиелеп отырғанымыз қуантады.

Мектеп асханасын жалға алушы «Исмагамбетов» ЖК-ні иесі Асылбек Құттымұратұлы аз камтылған екі оқушысын толықтай қыстық киім және мектеп формасымен камтамасыз етті.

Акцияны қорытындылау мақсатымен «Жақсылық жасай білейік!» атты мерекелік шара ұйымдастырылып, акцияға атсалысып, үлес қосқан оқушылар мен ұстаздар алғыс хатпен марапатталды.

Э.ТУТИЕВА,

әлеуметтік педагог.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521