Ұлағат ұясы

(0 Votes)

Аналар кеңесі мен кітапханашылар бірігіп, №3 Доссор кітапханасында «Отбасы бәріне бастау» және «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» тақырыбында семинар өткізді.

Ата-ана мен бала арасындағы ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету және отбасы құндылықтарын сақтай отыра, бір-біріне деген сезімді нығайту мақсатында ұйымдастырылған шараға Доссор кенті әкімі аппаратының бас маманы М.Нұрғалиева, аналар кеңесінің төрайымы Т.Оразбаева және мүшелері Ж.Иманғазиева, Т.Даумова, мұражай басшысы Қ.Айдаралиева, мұрағат және кітапхана қызметкерлері, С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының психолог маманы З.Хамидуллина және мектеп оқушылары қатысты. Жиын барысында кітапхана қызметкері Ж. Сарбасова «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» тақырыбында баяндама жасап, отбасылық құндылықтарға тоқталды.

Баяндамашы өз сөзінде дәстүрлі адами құндылықтар ұрпақтар сабақтастығының негізі екенін айтып өтті. Сондай-ақ, жағдаяттық сұрақтар қойылып, қатысушылар бір-бірімен пікір алмасты. Семинарда шаңырақ шаттығын сақтап, шайқалтпаудың негізгі қағидалары айтылды. Отбасы құндылықтары кеңінен дәріптелді. Қорытындылай келе, шараға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, бала тәрбиесіне қатысты пікірлерімен бөлісті. Кеш соңында Доссор №4 балалар кітапханасы ұйымдастырған «Отбасы - ұлағат ұясы» атты көрме таныстырылып, тамашаланды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521