Сынақ тапсыратын балаңызды бақылай аласыз

(0 Votes)

Мемлекеттік сынаққа дайындық мектеп бітірушілердің білім деңгейін анықтаудың жан-жақты зерделенуі мен психологиялық тұрғыдан қалыпты жағдай туғызуына да ерекше мән береді.

Ұлттық бірыңғай тест өту пунктінің №34 филиалы Б.Қанатбаев атындағы орта мектеп базасында орналасқан. Мектептің әкімшілік блогынан филиал жетекшісіне бір бөлме және инженеріне архивпен бірге екі бөлме берілген. Филиал аудандық қаржы бөлімімен мүлікті жалдау шартын жасақтап, барлық қажетті техникалық құралдармен жабдықталған. Олар 2 компьютер (Windows 7), Canon LBP6650dn принтері, Canon MF4550d көшірме аппараты, қалааралық байланыс телефоны, корпоративтік желі, маркерлі сканер, барлығының техникалық жұмыс жағдайы талапқа сай. Биылғы 2017-2018 оқу жылында аудан бойынша 248 мектеп бітірушінің 172-сі (69,4%) ҰБТ-ге қатысуға тілек білдірді. Олардың 132-і қазақ тілінде, 40-ы орыс тілінде. Филиал бұрыннан 1 аркалы, 2 қол металл іздегіштерімен, кабинеттер 21 салқындатқышпен (сплит-система), 10 бейне- камерамен, 10 дана 3G ұялы байланыс дыбысын тұншықтыру құралдарымен жабдықталған. Ғимараттың дәліздерінде 19 бейнекамера (1 бейнерегистраторға қосылған) пайдаланылуда. Биылғы жылы заман талабына сай 4G 10 дана ұялы байланыс дыбысын тұншықтыру құралы және онлайн трансляцияға қосылу үшін жүйелік блок алынды. Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-нің өту барысын қадағалау үшін ҰБТ өткізу пункттерін онлайн-трансляцияға қосуға мүмкіндік жасады.

Ата-аналар үйде отырып, ғаламтор желісі арқылы тікелей онлайн-трансляцияға қосыла алады, ол үшін www.ivideon.com/tv/map сайтына кіреді. Содан соң, Қазақстан картасынан ҰБТ өткізу пунктін және аудиториясын тауып қадағалауларына болады. Ата-аналар бұл туралы толық ақпаратты 8(71239)21595 телефоны арқылы білуіне болады. Мектеп бітірушілердің санына қарай бір лек жоспарланды. Әрбір аудиторияға 30 орыннан жасақталды.Аудиториялық фонд жылда 3 қабатты оқу корпусының 1-2 қабаттары бойынша 10 аудитория жасақталады. Оның 1-қабатта орналасқаны - 4-еуі, 2-қабатта орналасқаны - 4-еуі.Барлық жағынан тексеріліп, акттер толтырылды. Пункттегі аудиториялардың жағдайы санитарлық-гигиеналық талаптарға сай, әр қатарда өз әжетханалары бар. ҰБТ-ні өткізу жұмыстарын мемлекеттік комиссия мен министрлік өкілдері атқарды.ҰБТӨП–інде ақпараттық тақта әзірленіп, оларда қажетті ақпараттар орын алды. Мемлекеттік емтихан (ҰБТ) аудан бойынша биыл 21 маусым күні өтетіні жоспарланып отыр.

Л.ЖҰМАҒАЛИЕВА,

ҰБТӨП –нің №34 филиал басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521