«Колледж жастары»-алда

(0 Votes)

Аудандық Ішкі саясат бөлімі мен аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан жастары арасында «Білім Ринг» интеллектуалды сайысы өтті.

 

Аталмыш сайысты «Жастарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, бизнес-тренер Нұрлан Серікұлы жүргізді.

О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінде өткен додаға бес команда қатысты. Атап айтсақ, Мақат локоматив пайдалану депосының "Локомотив", Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінен "Колледж жастары", Х.Санбаев атындағы орта мектебінен "Шабыт", О.Сарғұнанов мектебінен "Нұрлы жастар", «Балбөбек» балабақшасынан "Қыран" командалары тартысты да, қызықты ойын өрнегін көрсете білді.

Сайыс барысында логикалық түрлі тақырыптар бойынша сұрақтар қойылды. Оған әр команда мүшелері 20 секунд ішінде жауап беріп үлгеруге тырысты.

Сайыс қортындысы бойынша І орынды "Колледж жастары", , ІІ орынды "Нұрлы жастар", ІІІ орынды "Шабыт" командалары иеленді.

"Локомотив" командасынан Қ.Ликаров, "Қыран" командасынан Л.Бтанова "Үздік ойыншы" атағына ие болды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521