Кәсіби шеберліктері шыңдалды

(0 Votes)

Бүгінде білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.

Болашақта өркениеті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Еліміздің дамуы жолында бәсекеге қабілетті білімді жас ұрпаққа үйретіп, бағыт беруде кәсіби мұғалімнің жауапкершілігі үлкен.

Аудан педагогтары да бұл жауапкершілікті шынайы сезініп, білім саласының ілгерілеуіне атсалысуда. Аудандық білім беру ұйымының жұмыс жоспарына сай Х.Санбаев және М.Баймұханов атындағы мектеп мұғалімдері арасында «Табысты оқыту – құзырлы мұғалім» тақырыбында шығармашылық күні өтті.

Аудандағы Х.Санбаев атындағы орта мектеп базасында ұйымдастырылған жаңартылған білім беру жағдайында оқыту мен оқудың сапасын арттыруға бағытталған бірлескен жұмыстың тиімділігін ұсыну және өзара іс тәжірибе алмасу мақсатындағы жұмыс барысында М.Баймұханов атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі Ә.Таумұрынова, орыс тілі пән мұғалімі Д.Қабесова десант сабақтар өткізсе, екі мектептің мұғалімдері А.Қуанышева мен С.Сейталиева 8 сыныптың қазақ әдебиеті пәнінен, Б.Төлегенова мен К.Нұрқасимова 2 сыныпқа әдебиеттік оқыту пәнінен командалық сабақтар берді. Шығармашылық күнді Х.Санбаев атындағы орта мектеп психологы Ж.Сатанова психологиялық тренингпен ашып, мектептің көшбасшы педагогтары Г.Ділмағанбетова мен Н.Қаржауова коучинг өткізіп, мұғалімдердің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Білім сапасы мен мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін дамыту мақсатында аудан мектептерінің арасында бірлескен жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

И.ЖҰМАБАЕВА,

аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521