Кеш соғылған соңғы қоңырау

(0 Votes)

Әлемді жайлаған пандемия салдарынан оқушылармен ерекше қоштасқан білім ордасының бірі Доссордағы А.Құнанбаев атындағы орта мектебі. Онлайн режимге машықтанған шәкірттер соңғы қоңырау шарасының бірегейлігін қалыпты қабылдады.

Аталмыш мектепте «Қош бол, аяулы мектебім!» атты соңғы қоңырау және аттестат алу салтанатты жиыны арнайы бекітілген алгоритммен өткізілді. Оқушылар, ата-аналар және ұстаздар екі метр қашықтықта сап түзеп, санитарлық талаптарды сақтады.

img_0807

Алдымен 15 түлек және олардың сынып жетекшісі Маргарита Ибрашева ортаға шақырылып, шара ерекше сән-салтанатпен басталды. Әдемі безендірілген мектеп ауласы, сәнді киініп сап түзеген оқушылар көздің жауын алды. Салтанатты рәсім дәстүрге сай, әуелі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Әнұран орындаудан бастау алды.

img_0823

Мектеп директоры Руслан Сарбалин түлектерге сәт сапар тілеп, он бір жылдық білімнің нәтижесі аттестатты түлектерге табыстады. Ал, мектеп ұстаздары оқушыларға тілектерін жеткізіп, «аманат» тапсырды. Жалпы білім бәйгесінде бұл мектептің өзге білім ордаларына қарағанда шоқтығы биік.

img_0925

Оқушылар жыл сайын республика, облыс көлемінде түрлі зияткерлік сайыстарды топ жарып мектептің абыройын асқақтатып келеді. Биылғы түлектер қатарында да өнерлі, спортшы, белсенді оқушылар бар. Осы орайда әрбір түлек ұлағатты ұстаздарына алғыстарын білдіріп, жүрек жарды тілектерін жеткізді.

img_0931

Шара барысында оқушылар ән салып, түлектер вальсін билеп, кештің ажарын келтіре түсті. Сондай-ақ, жергілікті ақын Жұмекен Нәжімеденовтың 85 жылдық мерейтойына арналған жыр эстафетасына үн қосып, жампоз ақынның жырынан шашу шашты. Күміс қоңырау соғылғаннан кейін түлектер армандарының символы іспеттес ақ көгершіндерді көкке ұшырды. Шара одан әрі «Түлектер аллеясының» ашылу салтанатымен жалғасты.

img_0915

Бұл биыл алғаш рет мектептің 61-ші түлектерінің бастамасымен қолға алынып отыр. Оқушылар мектеп ауласына өздерінің атаулы көшеттерін отырғызып, көгалдандыруға үлестерін қосты.

«Түлектер еккен тал жайқалсын,

Ұстазымыз мақтана айта алсын.

Тал егу келесі сыныпқа

Үлгі боп дәстүрге айналсын!» -, деп мектеп түлегі Қаракөз Абылайқызы өлең шумағын арнап, бұл үрдіс дәстүрге айналуын тіледі.    

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT