ІТ сыныбы ашылды

(0 Votes)

Доссор кентіндегі Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінде Мемлекет басшысының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында, «Нұр Отан» партиясының бастамасымен IT-сыныптың ашылу салтанаты өтті.

«ІТ сыныптың көмегімен енді жас ұрпақ өкілдері цифрлы сауаттылығын арттырып қана қоймай, кәсіби бағдарламашы маман ретінде ақпараттық технологияның дамуына өз үлестерін қосатын болады.

Бұл бағыттағы жұмыстардың табысты жүзеге асырылуы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жемісі екені сөзсіз. Сондықтан, партия осыған байланысты қолға алынған, халық үшін пайдасы зор іс-шаралардың барлығына тиісті қолдау көрсете береді, - деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Жұмахметұлы.

Шара барысында «Балалар бастауы-2018» облыстық байқауында «Болашақ саябағы» макеттік жобасын қорғаған мектеп оқушылары Н.Құлымжанов, Ф.Мусаев қонақтарға өз жұмыстарын таныстырды. Қонақтар оқушыларды енді робототехникалық жобалармен айналысуға шақырды. Мектепте бір уақытта 20 оқушыға ІТ сыныпта жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Бөлме заманауи компьютерлермен, жоғары жылдамдықты интернет, заманға сай керекті құралдармен жабдықталған. Оқыту жүйесі 3D модельдеу, сәулет, дизайн, анимация, web-сайт құру бағдарламалары бойынша өткізіледі. Мұнда оқушылар әртүрлі бағдарлама арқылы білім көкжиегін кеңейтеді, түрлі компьютерлік ойындар, сабаққа қажетті бағдарламалар құрастырады. Сандық технологияны меңгеріп, робототехникамен айналысады.

Сондай-ақ бұл жоба арқылы оқушылардың заманауи сауаттылығы артып, инженерлік-техникалық ойлау дағдылары қалыптасады. «ІТ сауаттылық» курсын меңгерген мектептің информатика пәнінің мұғалімдері Қарашаш Бекмағамбетова және Нұргүл Үмбетқалиева оқушыларды енді осы салаға баулитын болады. Мұнда қазірдің өзінде 5,6,7 -сынып оқушылары түрлі жобаларын бастап кеткен. Олар жаз бойы осы орталыққа келіп, өз идеясы мен бастамасын жүзеге асыра алады.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521