Дубайдан жүлде алып қайтты

(0 Votes)

Ментальды арифметика тез есептей отырып, мидың жұмысын жақсартуды, жалпы адамның есте сақтау, көңіл бөлу қабілетін арттыруды көздейді.

Маусым айының 23-24 күндері Дубайда WAMAS халықаралық ментальды арифметика мектептерінің ұйымдастыруымен халықаралық олимпиада өтті. Олимпиадаға 8 мемлекет қатысып, қазақ елі үшінші орынды иеленді. Осы халықаралық додада аудан намысын қорғап, бағын сынаған «ISMA Makat» оқу орталығының оқушысы Айсұлу Қобылан жүлделі орын алып қайтты. Оқу орталығының жетекшісі Ержан Жұбанышевтың айтуынша абакуспен (шотпен) 4 минут ішінде 100-150 есеп және осы уақыт ішінде ментальды (ауызша) 150-200 есеп шығару тиіс болса, Айсұлу Қобылан 5 минутта 70 есеп шығарып үлгерген. Белгіленген уақыт ішінде шығарған есебіне орай ұпай саны ескеріліп, Айсұлу үшінші орынға ие болды.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521