Бүгінгі дарынды бала–ертеңгі алымды азамат

(0 Votes)

Апта басында Мақат кентіндегі «Жеңіс» саябағында «Дарынды ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбымен дарынды балалардың II форумы өтті.

Форумға «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлері, жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар, пән олимпиадаларының облыстық, республикалық деңгейдегі жеңімпаздары, халықаралық дәрежедегі өнер сайыстарының жеңімпаздары мен дарынды оқушылардың жетекшілері, ата-аналар қатысты.

Форумның негізгі мақсаты – аудандағы талантты балалардың қатарын арттыру, жеңіске ынталандыру, қолдау жасау, ел келешегіне аса қажет мамандықтар мен білімді кәсіби мамандардың болашақ резервін дайындау, білім - ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбектің арқасында келетін баға жетпес байлық екенін ұғындыра білу. Шара басында еліміздің көк байрағы салтанатты түрде сахна төрінен орын алып, Әнұран орындаумен бастау алды. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Еркін Сұлтанов еліміздің білім саласындағы соны жаңалықтарға тоқталды, форумға қатысушыларға құттықтау сөзін арнады. Құттықтау тілектерін білдірген аудандық мәслихат хатшысы Қуаныш Исмағұлов және тәжірибелі мұғалім Ақжанар Жалғасбаева, облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жүлдегері Назерке Мүсілімқызынан соң ортада халықаралық байқау жүлдегерлері Мақат өнер мектебінің бишілері өнер көрсетті.

Жалпы білім беретін орта мектептерді 2017-2018 оқу жылында «Алтын белгіге» 6 оқушы аяқтап отыр. Олар: Шырын Сатанова, Махаббат Бақытжанова, Диана Ғалымжанова, Эльвира Зұлбұхарова, Айсана Марат, Диляра Қырықбаева. «Үздік аттестатқа» 10 оқушы иелік етіп отыр. Оқу жылды табысты аяқтаған дарындыларға аудан басшысының алғыс хаты мен арнайы сыйлықтары табысталды. Шараға келген қонақтар оқушыларға өнер, білім, ғылым, спорт саласында биік шыңнан көрініп, еліміздің білімді азаматы болуларына тілек білдіріп, арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Ә.ҚАСЫМ

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 3 курс студенті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521