Атыраулық балалар “Қазақстан геологы” лагерінде демалуда

(0 Votes)

Ресей Федерациясының Железноводск қаласында орналасқан «Қазақстан геологі» емдеу пансионатына Жылыой ауданынан 35 бала барып, жазғы демалысын қызықты өткізіп жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Өкінішке қарай, 24 маусымда Ресей Федерациясында қалыптасқан саяси ахуалға байланысты Жылыой ауданы балаларының демалысы тоқтатылып, мезгілінен бұрын ауылдарына қайтарылған еді.

Алайда 25 шілдеде лагерь жұмысының қайта жандануына байланысты аудан балаларының демалысы жалғасын тапты. Қазір оқушылар "Қазақстан геологы" пансионатында. Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарованың айтуынша, балалар лагерьде екі апта болады.

«Лагерьде балалардың қызықты тынығуларына барлық жағдайлар жасалған. Мұнда балалар дәрігерлік анықтамаларына сай ем-дом да қабылдайды. Атыраулық балақайлар 14 күн демалады», - деп хабарлады облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова.

Айта кету керек, пансионат аумағындағы адам ағзасына өте пайдалы «Славяновская» минералды суына түсіп, ем алуда. Бұдан бөлек, олар Кавказ қалаларына саяхаттарға шығып, көптеген мәдени-көпшілік және спорттық шараларға қатысып, уақыттарын тиімді әрі қызық өткізіп жатыр. Қасиет Бахкерейқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT