1 қыркүйекте балалар мектепке бара ала ма ?

(0 Votes)

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жаңа оқу жылында балаларды мектепте оқыту мәселесіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шынында да, бұл өте жиі қойылатын сұрақ. Тоқсаннан тоқсанға дейін әр жолы балаларды офлайн форматта оқытуға жеңілдетеміз деп күткен едік. Бірақ, өкінішке орай, эпидемиологиялық жағдай оған мүмкіндік бермеді. Қазір бізде өте күшті қару бар, ол – вакцина. Сондықтан, жаңа оқу жылына дейін ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ете алсақ немесе халықтың көп бөлігін вакциналай алсақ, бұл балаларды қорғауға мүмкіндік береді», - деді ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

«Өкінішке орай, қазіргі уақытта балалар вакцина салынбайды және олардың отбасы ішінде, топ арасында ауру жұқтырмауы өте маңызды. Сондықтан баршаңызды вакцина алуға тағы да шақырамын. Бұл бізге балаларды 1 қыркүйекте мектепке, студенттерді жоғары оқу орындарына, колледждерге және т.б. баруына мүмкіндік туғызады», - дейді А. Есмағамбетова.

inform.kz

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT