Сымбат - Қадыр оқуларының жеңімпазы

(0 Votes)

Көрнекті ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлі шығармашылығын насихаттауға бағытталған дәстүрлі «Қадыр оқулары» байқауының жақында аудандық кезеңі болып өтті.

5-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған іс-шараға аудандық білім беру бөліміне қатысты барлық білім ұялары қатысты. Аталмыш байқау карантиндік шектеулерге байланысты онлайн форматта өтті.

Байқау Қадыр Мырза-Әлі шығармаларын насихаттау, оқушылардың поэзияға деген құштарлықтарын арттыру, әдеби тіл байлығын, көркем сөз оқу шеберлігін дамытуды мақсат етті.

Сайысқа қатысқан оқушылар «Сөзім барда – өзім бар» ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу, «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауын...» ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау, «Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» жазба ақындар мүшайрасы бағыты бойынша бақ сынады.

Барлық қатысушылар сайыс қорытындысы бойынша өз өнерлеріне сай жүлделі орындармен марапатталды. Оның ішінде «Сөзім барда – өзім бар» ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу бағыты бойынша М.Баймұханов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Аида Рахметолла, «Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» жазба ақындар мүшайрасы бойынша Х.Санбаев атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Дильназ Сапарғалиева, «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы...» ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау бойынша Х.Санбаев атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Сымбат Маңғыстау марапатталып, облыстық кезеңге жолдама берілді.

IV Республикалық «Қадыр оқуларының» облыстық кезеңіне 31 оқушы қатысып, бақ сынады. Аудан оқушылары да бұл байқауда топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінді. Ақын өлеңдеріне жазылған әндерді әсем жеткізген С.Маңғыстау І орынға ие болса, ақындық шеберлігін танытқан Д.Сапарғалиева ІІ орын, ал ақын шығармаларын нақышына келтіріп, жатқа оқыған А.Рахметолла Алғыс хатқа ие болды.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT