«ЗОРЛЫҚ - ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН БЕЛСЕНДІЛІК» АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ

(0 Votes)

 Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрін жою туралы БҰҰ Конвенциясының ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қарашада әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні атап өтіледі.

 Осыған сәйкес ауданда 25 қараша - 10 желтоқсан аралығында республикалық «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы басталды. Аталмыш акцияның басты мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық - зомбылықты болдырмауға және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, қоғамда отбасы құндылықты насихаттауға бағытталған және мемлекеттің қабылдап жатқан шаралары туралы кеңінен халыққа таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Акция аясында құқық қорғау органдары аудан тұрғындарын ақпараттандырып, кездесулер өткізіп, арнайы жадынамалар тарататын болады.

К.Серікбаева, Макат аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің әйелдерге қатысты зорлық зомбылықтан қорғау тобынын инспекторы полиция капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT