Қолөнерді дамыту, өңірдің туристік әлеуетін арттырып, халықты жұмыспен қамту мақсатында Атырау облысында «Zhaiyk brand fest» атауымен қолөнершілер байқауы өтуде.
Аймақта алғаш рет ұйымдастырылып жатқан көрмеге Мақат ауданының қолөнершілері қатысып, олар ағаштан, табиғи былғарыдан, киізден жасалған бұйымдар, тігін және тоқыма өнімдері мен түрлі пішіндегі мүсіндерін көрермен назарына ұсынды.
Аталмыш шара 23 қарашаға дейін созылып, ондағы бұйымдар ертеңнен бастап сатылымға шығарылмақ.
Ә.ҚАСЫМ