115 адамның түйіндемесі қабылданды

(0 Votes)

Аптаның сейсенбісінде Мақат кенті әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында "бос жұмыс орны" жәрмеңкесі өтті. Оған алты компания қатысып, керекті мамандардың тізімін жариялады. 130-дан астам жұмыс іздеушімен бетпе-бет кездескен компания өкілдері 115 тұрғынның түйіндемесін қабылдады.


Жәрмеңкеде төбе көрсеткен "Сичим Казахстан" ЖШС-і, "KazGroupPartners"ЖШС-і, "Qazaq Жер-Құрлыс" ЖШС-і, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-і, "Сенімді Құрлыс" ЖШС-і, "Isker Консорциум" ЖШС-і секілді танымал ұжымдар түрлі бағыттар бойынша бос тұрған жұмыс орындарын ұсынды. Десе де жұмыс ұсынушылардың талаптары да жоқ емес, кейбірінің еңбек өтілі үш жылдан кем болмауы керек. Мәселен, "Сичим Казахстан" ЖШС-іне 28/28 вахталық кезеңге негізделген 50 сылақшы қажет екен.

Ал, өзіміздің Ескенеде жұмысын жандандырып жатқан "Qazaq Жер-Құрлыс" ЖШС-і болса электр дәнекрлеушілерін іздейді. Сондай-ақ, бетон құюшылар мен металлоконструкторлар да аталмыш мекемнің сұранысына ие. Біз айтып отырған мамандар жәңкермеден келтірген бірер мысал ғана. Сондықтан жұмыс іздегенде құлағымыз барынша түрік жүрсін. Себебі бұл жаңа белестердің бастауына тамаша мүмкіндік болмақ.


А.САДЫҚОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT