«Жасыл ел» жасақтарының жаңа маусымы

«Жасыл ел» жасақтарының жаңа маусымы
фото: altainews.kz
(0 Votes)

 Бүгінде «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жыл сайын маңызы артуда. Өйткені, «Жасыл ел” еңбек жасағы - жас ұрпақ бойына патриоттық және экологиялық тәрбие бере отырып, елдегі жұмыссыздық көлемін азайтуды мақсат етеді. 

Ауданымызда маусым айынан бастап «Жасыл ел» еңбек жасағының XI маусымы өз жұмысын бастады.

Жалпы, «Жасыл ел» жобасымен жастарды уақытша маусымдық жұмысқа орналастыру қызметіне 16 жастан асқан оқушылар, жоғары оқу орындарының және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері тартылады. Одан бөлек, бағдарлама «NEET» санатындағы жастарды жұмысқа тартуды көздейді.

Қазіргі таңда жасақшылар ауданды көркейту, көгалдандыру мақсатында еңбек етуде. Жасылелдіктер жүктелген жұмысты жауапты орындап, егілген ағаштарды суарып, абаттандырып, аудан көшелерін тазалау секілді жұмыстармен айналысып жатыр.

Айта кетейік, биыл ауданға 50 квота бөлінген. «Жасыл ел» еңбек жасағының жетекшісі Айзада Саматқызының айтуынша, алғашқы айда Мақат кентінде 13 адам Доссор кентінде 7 адам қызмет жасап жүр. Сондай-ақ, бағдарлама арқылы бірқатар жастар жұмыспен қамтылатындығын және оларға маусым аяқталған соң арнайы жалақы төленетіндігін айтып өтті.

Бекарыс Серік,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің

журналистика және ақпарат мамандығының 3-курс студенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT