23 – маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.
Жиын барысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен басталды.
Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ербол Ермағамбетов мемлекеттік қызметшілер мен сала ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, абыройлы қызмет тіледі. Сондай-ақ, өңірдің экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының және аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Одан әрі, аудандық мәслихат төрағасы Азамат Шаңғалаев мерекеге орай ізгі тілегін жолдап, сала мамандарына облыстық және аудандық мәслихат төрағасының алғыс хатын табыс етті. Жиын барысында ардагер мемлекеттік қызметшілерге де құрмет көрсетіліп, арнайы гүл шоқтары тарту етілді.
Салтанатты жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Серік Бекарыс,
Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау Мемлекеттік Университетінің
журналистика және ақпарат мамандығының 3 курс студенті