Жастарға жасалған жаңа мүмкіндік

(0 Votes)

Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта  еліміз бейбіт, біртұтас мемлекет  ретінде танылды.

Біз әрбір елдегі саяси науқан тұсында  адамдар жаңа идеяларымен келіп, мемлекетіміздің саясатына жақсы әсер етеді деп сенеміз. Өз басым жаңа депутаттардан үлкен үміт күтемін, лайықты адамдар өтеді деп ойлаймын. Оның үстіне, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың басқару ісіне көптеп тартылуына үлкен маңыз беріп отыр. Оны президенттік кадрлық резервтен де байқап отырмыз.

Сайлауға қатысу - адамның азаматтық ұстанымы мен саяси мәдениетін сипаттайтын маңызды акт. Бұл ретте жастардың саяси сауатты болуы маңызды.

Менің ойымша, жастардың сайлауға көптеп қатысуы елдің демократиялығын көрсетеді. Бір жағынан, жастардың  елдің болашағына бей-жай қарамайтындығын танытса керек.

Әр жастың таңдауын жасап, өз тілегін білдіруі - азаматтық парыз. Сайлауға біздің ауданның жастары да атсалысуға әзір.

Алдағы уақытта рухани жағынан байып, тіліміз бен дінімізге көп мән беру керек деп ойлаймын. Жалпы, жастар ұлттық салт-дәстүрге, қазақы болмысқа көбірек мән беріп жүр.

Бұл да - жақсы үрдіс. Меніңше, әр елдің азаматы сол елдің ұлттық болмысына, салт-дәстүріне жақын жүруі тиіс. Сонда ғана ел бірлігі нығайып, елдігіміз берік болады.

Алтынгүл ЕСЕНАМАНОВА,

аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT