Жастарда - жаңа басшы

(0 Votes)

Аудандық Ішкі саясат бөлімінің 2023 жылғы 7 ақпандағы №11 бұйрығына сәйкес «Мақат аудандық Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Садықов Анварбек Нуриахметұлы тағайындалды. 

Жаңа басшыны аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Естай Мақсотов орталық мамандарына таныстырып, ауданда Жастар саясатын дамытуда ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтіп, жаңа лауазымдағы қызметін абыроймен атқаратындығына сенім білдірді. Анварбек Садықов өз кезегінде жұмысын сөзбен емес іспен көрсететуді мақсат ететіндігін айтып өтті.

Садықов Анварбек Нуриахметұлы 1991 жылы 21 қаңтарда дүниеге келген. Отбасылы.

2008-2012 жылдар аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік универсиетінде эколог мамандығын бітірген.

2012-2014 жылдары аралығы осы университетте биология мамандығы бойынша магистр атанған.

Еңбек жолын 2012 жылдың қыркүйек айынан - 2013 жылдың тамыз айы аралығында «Биоинжиниринг» ЖШС мекемесінде учаске бастығы қызметінде болған. 2019 - 2022 жылдар аралығында Мақат аудандық «Maqat tynysy» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі қызметін атқарды.

2022 жылдың мамыр айынан күні бүгінге дейін Мақат ауданы әкімінің кеңесшісі қызметінде болды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521