Мектепке оқушылар енді автобуспен қатынайды

(0 Votes)

Газетіміздің 2023 жылғы №1 санында аудан орталығынан шеткері орналасқан «Локомотив» ықшам ауданында тұратын оқушыларды мектепке тасымалдайтын автобус ұйымдастыру керектігі жөнінде мәселе көтерген болатынбыз. 

Онда ата-аналардың оқу жылы бастала салысымен мектеп автобусының жүруін талап етіп жүргендігі туралы жазылды. Оған аудандық білім бөлімінің басшысы Айбол Долдашев мектеп автобусы болғанымен, жалақының мардымсыздығынан кез келген тұрғын жұмысқа келісе бермейтіндігін десе де аталған мәселені назарда ұстайтындығын жеткізген еді.

Қуанышқа орай, біз көтерген мәселе оң шешімін тауып, 6-шы ақпаннан бастап балаларды мектепке тасымалдайтын мектеп автобусы жүре бастады. «М.Баймұханов атындағы орта мектепте автобус іске қосылып, оқушыларды тасымалдау дүйсенбіден бастап жүргізілуде. Мектеп автобусы «Локомотив» ықшам ауданынан қатынайтын оқушыларды тасымалдайды. Бірінші және екінші ауысым бойынша бірнеше рейс ұйымдастырылып, тасымал жүйелі түрде жүргізілетін болады», - дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Айбол Долдашев.

Айта кетейік, мектеп автобусының іске қосылғанына ата-аналар да, оқушыларда дән риза. Енді ата-аналар қыстың қытымыр аязында балаларын білім ордасына қалай жеткіземіз деп уайымдамайтын болады.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521