Жастар ресурстық орталығында жаңа басшы

(0 Votes)

Аудандық Ішкі саясат бөлімінің 2022 жылғы 06 сәуірдегі №11 бұйрығына сәйкес «Мақат аудандық Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына үш ай сынақ мерзімге Есімхан Табылдыұлы тағайындалды.


Жаңа басшыны аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанат Қайролдақызы орталық мамандарына таныстырып, ауданда Жастар саясатын дамытуда ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтіп, жұмысына сәттілік тіледі.
Есімхан Табылдыұлы 1998 жылы Мақат кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары, Алматы қаласындағы Қазақстан спорт және туризм академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2020 жылы Х.Санбаев атындағы орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастап, осы уақытқа дейін жұмыс атқарып келді.
Сондай-ақ, 2020-2021 жылдар аралығында аудандық Балалар жасөспірімдер даярлық клубында қазақша күрес үйірмесінің бапкері болып қызмет атқарған.
Жастайынан спортпен шұғылданған ол қазақша күрес және дзюдо күресінен Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегері.
Отбасылы. "МТ"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT