6 сәуір күні Мақат кентінің Ынтымақ ықшам ауданында «Зақымданған газ құбырының тұтануы» тақырыбында оқу-жаттығу жүргізілді.
Іс-шара «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның Атырау магистралды газ құбырлары басқармасының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығуға аудан көлеміндегі Азаматтық қорғаудың аумақтық құралым жасақтарының құрамына кіретін барлық жергілікті мекемелерден тұратын 5 мекеме, 22 қызметкер, 5 әр түрлі техника қатыстырылып, сәтті аяқталды.
Мақат аудандық Төтенше жағдай бөлімі