Мақатта тазалық айлығы басталды

(0 Votes)

4 сәуір күні Мақат аудандық әкімдігінің үлкен мәжіліс залында алдағы тазалық айлығына орай бөлім басшылары мен мекеме басшыларының және жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен жиналыс өтті.


Аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин төрағалық еткен отырыста аудандық тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Темірбек Іңірбайға сөз берілді. Ол өз кезегінде аудан әкімінің «Санитарлық тазалық жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және аудан елді мекендерінің санитарлық жәй-күйі мен көріктендірілуі жөнінде екі айлық байқау өткізу туралы» қаулысын басшылыққа алып Мақат ауданы бойынша көшелер мен ауылдардың санитарлық тазалығына көмек көрсететін кәсіпорындар мен мекемелерге қатысты атқарылуы тиіс іс-шаралардың жоспарымен таныстырды. Доссор және Мақат кенттері мен Бәйгтөбе ауылдық округінде кімдер қай секторға жауапты екендігін тоқталып өтті. Алайда жиынға мекемелердің өкілдері түгел қатыспағандығын айта кеткен жөн.

maqat-tazalyq-1


Темірбек Іңірбайдың баяндамасынан кейін №2 бастауыш мектептің директоры Руслан Баймұхашев ауданымыздағы тазалыққа жауапты «Ақтау+НШ» ЖШС-інің бұған дейінгі жұмысын қатаң сынға алып, биылғы жылы да жергілікті әкімдік сол мекемемен келісімшарт жасасқындығын құптамайтындығын жеткізді. Ол аудандық санитарлық эпидемиологиялық басқармасынан да осы жағдайға байланысты жауапты талап еткенімен, СЭС кент тазалығына жауап бермейтіндігі белгілі болды. Сонымен қатар жиналысқа қатысушылар тарапынан Мақат пен Доссор ортасындағы қоқыс полигоны маңында желдің әсерінен шашылып жатырған целлофан пакеттерінің мәселесі де көтерілді.

Жиын соңында сөз алған Мақат кентінің әкімі Ербол Ермағанбетов: «Тазылық айлығы бір жағынан байқау ретінде өткізіліп жатырған шара. Әр мекеме аптасына бір сенбілікке шыққанда айналасын тазалаумен қатар ауласына гүл егіп, көгалдандырып, сыртқы келбетін де ретке келтіруі керек. Кейін тазалық айлығының қорытындысымен арнайы комиссия «үздік мекемені» және «үздік тұрғын үйді» анықтайды. Ауданымыздың таза болуы тек әкімдіктердің мойнында емес екендігін ескерейік», - деді. Аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин де сенбіліктерге «бәріміз біріміздей боп» атсалысуға шақырды.

А. Байшуақ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT