Жастар кадр резерві – жаңа буын таңдауы

(0 Votes)

 Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бекәділ Жайкиннің төрағалығымен аудан жастарына Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жобасын түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

 Аталмыш жиында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрлан Еркебаев кездесуге қатысушы жас мемлекеттік қызметшілермен түрлі салада қызмет атқаратын аудан жастарына Президенттік жастар кадр резервінің іріктеу талаптары мен кезеңдері туралы ақпарат беріп, бұл ел болашағына жауапты, білімді әрі әлеуеті жоғары жас мамандарды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуға арналған жоба екенін жеткізді.

Одан әрі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры Еркебұлан Ғабдығапаров мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсуге шақырды.

Жиын соңында спикерлер кездесуге қатысушы жастар тарапынан жолданған сұрақтарға заң аясында жауап беріп, аталмыш жобанының жастардың кәсіби біліктілігін арттыруда үлкен мүмкіндік екенін айтты.

Ботакөз Асхатқызы

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT