Жастар Қараойда болып, батыр рухына тағзым етті

(0 Votes)

Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен бір топ аудан жастары Индер ауданында болып қайтты.

Дәлірек айтқанда, Жарсуат ауылынан 50 км қашықтықта орналасқан дауылпаз ақын, ұлы батыр бабамыз Махамбет Өтемісұлы жерленген Қараой жерінде болып, батыр рухына тағзым етті. Өр Махамбет атамыз мәңгі қоныс тепкен жерінде болған жастар қабырғада қашалып жазылған ақын өлеңдерінен оқып, рухтанды. Кейін, қорық аумағындағы тал-теректерді суарып, ағаштардың түбін қопсытып, тарихи мекеннің көркеюіне атсалысты. баға жетпес мол рухани азыққа кенеліп, асыл жақұтты қоржынымызға толтырып қайттық.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521