«Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмайды»

(0 Votes)


Жеңіс күні – Ұлы мереке. Бұл күні Мақат кентіндегі «Жеңіс» саябағында Ұлы Жеңістің 74 жылдығын мерекелеуге орай Ұлы Отан соғысында қаза болған боздақтарды, жауынгерлерді еске алу және оларға тағзым ету мақсатында «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты мерекелік шара өтті.


Саябаққа тылда еңбек еткен тоқсанға таяған, сексеннің сеңгіріне шыққан аталарымыз бен әжелеріміз келіп, мемориалдық тақтаға тағзым етіп, гүл шоқтарын қойып жатты.
Шара О.Сарғұнанов және Х.Санбаев атындағы орта мектептің әскери саптық шеруімен басталды. Бір минут үнсіздік жарияланып, содан соң, сарбаздардың аспанға оқ атуымен жалғасын тапты.
Мерекелік шарада аудан әкімі Ж.Қарағаев тұрғындарды Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, достық, ерлік және бауырластық тәрізді ұлағатты ұғымдармен байланысты Жеңіс күнін әрдайым есте сақтауға шақырды.
Мәңгілік от маздаған алауға гүл шоқтарын қою рәсімі де басталып, аудан әкімі Ж.Қарағаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Е.Жоламанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Халенов гүл шоқтарын қойды.
Мұнан соң аудандық құқық қорғау органдары, аудандық мәслихат хатшысы аппараты, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі аппараты, аудандық дербес бөлімдер, кент, ауылдық округ әкімдері, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық қазынашылық басқармасы, кірістер басқармасы және статистика басқармасы, аудандық орталық аурухана, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, жастар ресурстық орталығы, кәсіпкерлік палатасы, аудандық орталық кітапхана, сондай-ақ, өндірістік мекемелері мен ұжымдары да осы шараға белсене қатысты.
Мерекелік шара аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен және спорттық шарамен жалғасын тапты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521