Нәресте құжатты болды

(0 Votes)

Отбасы күні қарсаңында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің бас маманы Г.Биташева, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша аудандық бөлім басшысы Э.Утебаева және бөлім қызметкерлері орталық перзентханада болып, аналарды мерекемен құттықтады.

Отбасы беделін көтеру,неке мен отбасының негізгі құндылықтарын, ұлттық дәстүрдегі қазақстандық отбасының үлгісін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шара барысында жауапты қызмет мамандары жас босанған көп балалы ана Жадыра Қадырованы сәбилі болуымен құттықтап, дүниеге келген сәбиі Медина Аманжанқызына туу туралы куәлігін салтанатты түрде табыс етті. Сондай-ақ, жас босанған аналарға «Бала тууды тіркеу» проактивті қызметін қалай қолдану керек екенін, телеграмм қосымшасын пайдалану жайын түсіндірді. Қазіргі таңда кез келген жерден ұялы телефоннан немесе ЭЦҚ арқылы EGOV электронды үкімет порталынан және смс пароль арқылы көптеген қызметтерді алуға болады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521