Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамға тұрақтылық пен келісімді нығайту үшін өлшеусіз үлес қосқаны белгілі. Ол бірлік пен теңдіктің, бейбітшілік пен келісімнің шынайы символына айналды десек болады.
Соңғы жылдары елімізде жүргізілген ауқымды саяси реформалардың нәтижесінде Ассамблея қызметі жаңа жасампаздық серпін алды. Қоғамдық ұйымдармен және мекемелермен тығыз қарым-қатынаста болып, ішкі саясатты жүзеге асыруға белсене атсалысты.
Осылайша, еліміздегі барлық этностардың мүдделердің заңнамалық деңгейі жаңа мүмкіндіктермен айтарлықтай кеңейді.
Ассамблея мүшелері мұны терең түсінетініне сенімдімін. Қазақстандағы татулық пен бірлікті, мемлекет тұтастығы мен қасиетті Тәуелсіздігімізді нығайту жөніндегі жұмыс Қазақстан халқы Ассамблеясының басты міндеті болды және болып қала береді. Біз бұл бағытта алға қарай да жүйелі шаралар жалғасатынына мол сенім артамыз.
Валентина Игнатьева,
Мақат кентінің тұрғыны