Жас тарихшылар байқауы

Жас тарихшылар байқауы
(0 Votes)

  «Менің шағын Отаным» тақырыбындағы VII республикалық интеллектуалдық байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты - туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру болды.

Аталмыш байқау төрт номинация бойынша өтіп, байқауға ауданға қарасты мектептердің 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Алдымен «Менің кіші Отанымның тарихы» номинациясында қатысушылар елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында таныстырылым болды.

Ал «Кіші Отанымның символы» номинациясы бойынша автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар бойынша презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау болды. Үшінші «Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясы макетті презентациялау түрінде өтіп, үздік жұмыс түрлері анықталды.

Ақтық «Менің туған өлкем» номинациясында байқауға қатысушы жас тарихшылар өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазып, жұмыстары сарапқа салынды.

Төрт сағатқа созылған тартысты байқаудың нәтижесінде, «Менің кіші Отанымның тарихы» номинациясы бойынша I орынды Х.Санбаев атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Құрал Ұлжан, II орынды Л.Шахатов атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Асылай Асқарқызы, III орынды А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Мадина Ерланқызы иеленді.

Ал «Кіші Отанымның символы» бағыты бойынша I орынмен М. Баймұханов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Тілеуқабыл Сұлтанбекұлы, III орынмен М. Баймұханов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Әділхан Тынымғали марапатталып, жеңіс тұғырынан көрінді.

«Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясы бойынша I орынды О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің 10 сынып Дулат Темирлан, II орынды Х.Санбаев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Нұрхан Бауыржан марапатталып, жаңа тың идеяларымен ерекше көзге түсті.

Ақтық «Менің туған өлкем» номинациясының нәтижесі бойынша I орынды А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Перизат Кенжебай, II орынды Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің 10 сынып оқушысы Тұрсынгүл Беркін, III орынды М.Баймұханов атындағы орта мектебінің оқушысы Аянат Асқар иеленіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Ендеше, жас тарихшыларымызды жеңісімен құттықтай отыра, облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!

Ж.Қамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521