Ресей Федерациясының Астрахань қаласындағы Астрахань мәдениет пен өнер колледжінде Халықаралық «Магистр-2024» атты арифметиктер турнирі өтті.
Турнир мектеп жасындағы балалалардың математикалық ойлау дағдысын арттырып, арифметикалық есептерді жылдам шығаруға үйретуді мақсат етті.
Аталмыш турнир Ресей мен Қазақстан арифметиктері арасындағы батл арқылы ұйымдастырылды. Халықаралық турнирге еліміздің атынан жерлестеріміз Доссор кентіндегі «Winderkind» оқу орталығының 6 жас арифметигі қатысып, үздік нәтиже көрсете білді.
Атап айтқанда, Асемай Бақтияр мен Әмірхан Тобанияз – суперчемпион, Әділхан Жеңіс пен Лұқманхакім Нұриахмет – чемпион, Мағди Айтжан мен Батырхан Қойбағар жүлделі I орынды жеңіп алды.
Осылайша, бәсекеге толы сайыстың нәтижесінде Қазақстан құрама командасы жеңіске жетіп, ел байрағын көкке көтерді.
Қазақстанның құрама командасында жалпы 12 оқушы болды. Оның алтауы біздің жерлестеріміз, қалғаны Ақтөбе қаласының арифметиктері болды.
Ж.Қамза